kaz рус eng

Кәсіпорын туралы

Монеты-победители


«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Теңге Сарайы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Қымбатты достар!

Аса үлкен құрметпен Сіздерге Қазақстан теңге сарайын таныстырамын!
Теңге сарайының құрылуы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігімен қатар келеді, сондықтан басқа елдердің теңге сарайымен салыстырғанда, ол өте жас және 1992 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Оған қарамастан, біздің ұжымның көп еңбектенуінің нәтижесінде, бүгін біз барлық тапсырыстардың жоғары сапалы орындалуына толық жауапкершілікпен кепілдік береміз. Бізге мұны істеуге не мүмкіндік береді?

- Ең алдымен, Сіздер үшін қызмет ету және сіздерге сіз күткеннен артық беру біздің шынайы ықыласымыз. Бұл тек әдемі сөз емес. Біз бүгінде басқаша жұмыс істеуге болмайтынын толық түсінеміз, біздің тапсырыс берушілер осыны күтеді, мұны нарық талап етеді.
- Біздің адамдар - жоғары білікті мамандар және өз ісінің шеберлері. Теңге сарайы дүние жүзіндегі ядролық отынның жетекші өндірушілерінің бірі - Үлбі металлургиялық зауытынан келген қызметкерлер еңбегімен құрылған. Сондықтан бүгін біздің ұжымның ұйытқысын осы жоғары білікті мамандар құрайды.
- Германия, Швейцариядан және басқа еуропа елдерінен әкелінген ең жаңа жабдықтарына негізделген ғылыми технологиялар. Басқа теңге сарайларынан айырмашылығы бізде бірегей бұйымдар жасауға мүмкіндік беретін балқыту мен илеуден бастап шекімеге дейінгі және әртүрлі қаптама қабат жалатудың барлық технологиялық шектері бар.
Бүгін біз Қазақстанды өзінің сипаттамасы бойынша Еуропа мен Америкада қолданылатын теңгелерден кем түспейтін, айырбастау теңгелерімен толық қамтамасыз етеміз.
Жетекші теңге сарайларымен бірдей біз алтыннан және <proof> жоғары сапалы күмістен де коллекциялық теңгелер шығарамыз. Сонымен қатар, 58 теңге сарайының тек бірнешеуі ғана шығаратын, бірегей бұйымдардың бірі, диаметрі 100 мм және салмағы 1 килограмм болатын <proof> күміс теңгелерінің өндірісін игеріп алдық.
Біздің теңгелердің дүниежүзілік стандартқа сәйкестігін жыл сайынғы Швейцарияның Базель қаласындағы өткізілетін теңге сарайларының ең беделді көрмесінде сарапшылардың растауын алды.

Президент Әкімшілігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын жасауды біздің кәсіпорынға сеніммен тапсырғанын мақтанышпен айтуға болады. Біздің шеберлермен жасалған ордендер мен медальдар зергерлік өнердің лайықты үлгісі болып табылады.
Біз асханалық күміс, естелік медальдар, белгішелер, кеуде белгілері, көрнекті кәдысыйлар, фурнитуралар, күміс түйіспелер, таңбалар мен мөрлерді өндіру сияқты басқа да қызмет бағыттарын игердік және оларды дамытуды жалғастырудамыз.
Біздің ұжымның еңбегін Президент Әкімшілігі, Үкімет, Ұлттық Банк, министрліктер, мекемелер, әртүрлі кәсіпорындар және ұйымдар жоғары бағалайды. Біздің өнімдердің жоғары сапасы өзінің растауын халықаралық көрмелерде де алды. Мысалы, Қазақстан теңге сарайы 1999 ж Новосибирск қаласында өткізілген <Сібір. Экспорт-импорт> көрмесінде алтын медаль, 2000 ж. Барнаул қаласында <Сібір-Азия.Шекарасыз ынтымақтастық> көрмесінде жеңімпаз медалін жеңіп алған.
Жеткен жетістіктермен шектелуге болмайды, біз мұны анық түсінеміз. Дәл сондықтан біздің жұмыстың үрдістерінің бірі қарқындылық пен мақсатқа ұмтылушылық болып табылады. Біз нарық талаптарын бақылап отырамыз және олармен бірге дамимыз. Өндірісті жетілдіріп, клиенттердің талаптарын толығымен қанағаттандыруға тырысамыз. Барлық жұмыс бағыттарының дамуы маркетинг жоспарларға сәйкес, кешенді түрде жүргізіледі. Бұл бізге мамандардың білімі мен тәжірибесін, жабдықтар мен материалдарды аса тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өз бағасын төмендетпеуге, өндіріс технологиясын және ұйымдастырылуын жетілдіруге, өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Біздің өнімдер Сіздің назарыңызға сай болады және Сізді серіктеріміздің қатарынан көреміз деп кәміл сенеміз.
Қазақстан Теңге Сарайы бүгін – заманауи, жетекші шетел фирмаларының жоғары өндірістік прецизионды жабдықтарымен жабдықталған қарқынды дамудағы кәсіпорын. Теңге Сарайында монеталарды, ордендер мен медальдарды дайындаудың, қорытпаларды құю мен илеуден бастап шекімеге дейінгі толық технологиялық циклы бар.

Аса құрметпен, тілек білдіруші,
Қазақстан теңге сарайының директоры
Александр Транов

подпись

Қазақстан Республика, 070005
Өскемен қ.,
Абай даңғ., 102/1
Телефон: (7232) 75-33-50
Факс: (7232) 75-15-80
E-mail: admin@kmd.kz
Copyright © 2005-2017  
Национальный банк Республики Казахстан 366206